«Астана» футболдан Қазақстан чемпионатында жеңіліп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан ҚР премьер-лигасының ауыстырылған 22-ші тур матчында қарағандылық «Шахтер» «Астананы» 2:0 есебімен жеңіп кетті, деп жазады Sports.kz.

 «Астана» футболдан Қазақстан чемпионатында жеңіліп қалды

 Голды соққандар: Никола Василевич пен Евгений Горячий. Бұл кездесу чемпионаттың бірінші кезеңіндегі қорытынды ойын болды, екінші кезең 12 тамызда басталады.

 «Шахтер» - «Астана» 2:0 (0:0)

 Голдар: Василевич 61 (1:0), Горячий 87 (2:0).

Шахтер: Шацкий, Уббинк, Садовничий, Сзоке, Василевич, Зошак, Симоновски, Габышев; Пикалкин, Байжанов; Скорых
Астана: Эрич, Каньяс, Твумаси, Деспотович, Бейсебеков, Шомко, Мұжықов, Нұрғалиев, Логвиненко, Тағыберген, Малый

 Айта кетейік, «Астана» футбол клубы қазіргі Қазақстан чемпионы. 2015-2016 жылғы еурокубоктарда табысты өнер көрсетіп, клубтар арасында әлемдегі ең беделді турнир - УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне дейін жеткен болатын. Кейін финалға дейін сүрінбей жеткен испандық "Атлетико", португалиялық "Бенфика" және түріктің "Галатасарай" командаларына қарсы ойнап, өз алаңында бірде-бір рет жеңілген жоқ. Биылғы жылы Чемпиондар лигасы аясында ІІІ іріктеу кезеңінде шотландиялық "Селтикпен" жолы түйіскен елордалықтар өз алаңында 1:1 есебімен тең ойнаса, сырт алаңда 1:2 нәтижесімен жеңіліп алған болатын.