«Астана» футболшылары Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынында жеңiлiп қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» командасы Чемпиондар лигасындағы бiлiктiлiк кезеңiнiң алғашқы матчында словениялық «Мариборға» ұтылып қалды. Мариборда өткен кездесу 0:1 есебiмен аяқталды.

«Астана» футболшылары Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынында жеңiлiп қалды

Словениялық футболшылардың жалғыз голын бесiншi минутта бұрыштамадан әуелете берiлген пастың арқасында Марко Шулер салды.

Осыдан кейiн допқа қазақстандық футболшылар иелiк еттi. Оның үстiне бiрнеше қауiптi шабуылдарды да жасады. Бiрақ Георгий Жуков пен Бауыржан Жолшиев қақпаға допты бағыттай алмады.

Екiншi таймда да астаналықтардың мысы басым болды. Дегенмен қақпаға гол салу олар үшiн мүмкiн болмады.

Қарымта матч Астана қаласында 22 шiлде күнi өтедi.