«Астана» футболшылары өз алаңдарында жеңіліссіз сериялардан рекорд орнатты
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футболшылары «Астана аренадағы» соңғы матчта жеңіліс тауып, жеңіліссіз серияларын үзді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ФК-ының сайтына сілтеме жасап.
Станимир Стойловтың қамқорлығындағы футболшылар өз алаңдарында 26 матчта, күнтізбелік өлшеммен айтсақ, бір жылдан артық уақыт бойы жеңілмей келген болатын.
Соңғы рет «Астана» өз алаңында 2016 жылдың 10 қыркүйегінде жеңіске жетті. Бұл 26 матчқа 8 Еурокубок аясындағы ойындар, олардың қатарында 4 Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясындағы ойындар, бір кубок ойыны және 17 Қазақстан чемпионатының матчтары кіреді. Бұған дейін «Астананың» өз алаңдарындағы ең ұзақ жеңіліссіз сериясы 2014 жылдың 4 қазанынан 2015 жылдың 18 тамызына дейінгі аралықтағы матчтар сериясы болған, мұнда елордалық футболшылар өз үйлерінде 18 ойында жеңіске жетті.