«Астана» футболшыларын жеңістерімен құттықтады

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Бүгін «Астана» командасының футболшыларын салтанатты түрде Премьер-Лигадағы алтын медальдарымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана» футболшыларын жеңістерімен құттықтады

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген «Астана» клубының бас менеджері Саян Хамитжановтың айтуынша, команда алдына қойылған барлық міндеттерді орындап шықты.

«Біз өзіміздің осыған дейінгі жеңістеріміздің кездейсоқ жетестік емес екенін дәлелдедік. Бүгінде «Астана» командасы елдің ең мықты клубы саналады»,-деді ол.

Салтанатты рәсімде бірқатар сыйлықтар тапсырылды. Соның ішінде «көрермендер көзайымы» сыйлығы да бар. Оны легионер Патрику Твумаси иеленді. Оны құттықтауға Ділнәз Ахмадиева мен «КешYou» тобы келді.

Жанкүйерлерге «Астана» футболшыларының осы кезеңде жеңіп алған сыйлықтардың жанында тұрып суретке түсудің мүмкіндігі туды.

Бас бапкер Станимир Стойлов Қазақстан чемпиондары және ел Кубогінің иегерлеріне қосымша сыйлықтар болмайтындығын ескертті.

«Бүгін біз клубымыз дайындаған кішігірім мерекені атап өтеміз. Содан соң келесі ойынға дайындықты бастаймыз. Бұдан өзге қандай да бір жеңілдіктер немесе сый-сыяпаттар болмайды»,-деді ол.

Қар басқан алаңда өзінің осы матчқа қатысты пікірін білдірген Станимир Стойлов футболшылардың кез келген ауа райында ойнай алатындарын айтты.

«Федерация осындай шешім қабылдады. Бізде ешқандай да наразылық жоқ. Ауа райы әрине жайсыз болды. Алайда ол бірінші кезекте жанкүйерлер үшін қолайсыздықтар тудырды. Футболшылар үшін де оңай болған жоқ, бірақ біздің футболшылар кез келген ауа райында ойнауға әзір. Меніңше, бұл өте бір жақсы маусым болды. Барлық міндеттер орындалды, тіпті жоспарлағаннан да жақсы болып шықты. Егер алдыға бұдан да үлкен міндеттер қоямыз десек, онда бүгінгіден де күшті нығайту шаралары мен инвестициялау қажет»,-деді ол.

Айта кетейік, «Астана» үшінші рет футболдан Қазақстан Кубогін жеңіп алды. Астаналық клуб өкілдері Қазақстан Кубогінің финалында алматылық «Қайрат» командасын 1:0 есебімен жеңді. Қазақстан чемпионатын «Астана» қазан айының соңында «Оқжетпес» командасымен тең түсу арқылы жеңіп алған болатын.