22:34, 30 Қыркүйек 2015 | GMT +5
«Астана»-«Галатасарай» матчы: Биләл Киса ойынның 31-минутында есеп ашты
АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде елордалық "Астана" командасымен «С» тобында шеберлік сынасып жатқан Түркияның "Галатасарай" командасы матчтың 31-минутында есеп ашты. Гол авторы - 5-ші нөмірлі Билал Киса.
Айта кетейік, матчты əлемнің 53 арнасы тікелей эфирден таратуда. Мыңдаған қазақ жанкүйерімен бірге Астана командасын Олимпиада чемпионы Серік Сəпиев те қолдауға келгені белгілі болды.