Astana хакатонының жеңімпаздары смарт сервистер әзірледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Smart сервисі» атты Astana хакатоны аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Astana хакатонының жеңімпаздары смарт сервистер әзірледі

«Байқауға 21 команда жасақталған, соның 10-ы финалға өткен», - делінген Astana Innovations Challenge стартап-марафонының Фейсбуктегі парақшасында.

Жеңімпаз командалар жүлде қорындағы 1 миллион теңгенің өзара бөлісті.

Бірінші орынды «Азаматтар мәселелері мен басталамалы тізбесі» жобасын ұсынған Usynys командасы иеленді. Оларға 500 мың теңге жүлде берілді.

Екінші орында сөздерді өңдейтін техноллогия қолданатын бот әзірлеген AIKA командасы. Оларға 200 мың теңге сыйлық берілді.

Үшінші орынның 200 мың теңгесін қаладағы нысандарды смартфон камерасы арқылы танып-білетін ұялы қолданба әзірлеген Astana Reality командасы иеленді. 

Сондай-ақ, iKogam командасына Open Techonologies Group компаниясы смартфон сыйлады, ал Gov Project командасына ҚР Тұңғыш Президенті қорының атынан кітап пен пауербанк тапсырылды. 

жағажай
Ұқсас жаңалықтар

Алматыда суға түсуге тыйым салынған су айдындары аталды