«Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес құрамы жаңартылады
АСТАНА. KAZINFORM – «Ашық» НҚА порталында «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы құжат жобасы жарияланды.
Жаңадан ұсынылған редакцияда Қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің мына құрамы ескерілген:
– Қазақстан Республикасының Президенті, төраға;
– ҚР Премьер-Министрі, төрағаның орынбасары.
Кеңес мүшелері:
– ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі;
– ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы;
– Әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі;
– «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы;
– АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті Директорлар кеңесінің төрағасы;
– АХҚО биржасы – Astana International Exchange Директорлар кеңесінің төрағасы Жули Монако (Julie Monaco) (келісім бойынша);
– Абдулхамид Мохаммед Саид Алахмади (H.E Abdulhamid Mohammed Saeed Alahmadi) (келісім бойынша).
Айта кетейік, қолданыстағы редакцияда мына құрам қамтылған:
– Қазақстан Республикасының Президенті, төраға;
– ҚР Премьер-Министрі, төрағаның орынбасары;
Кеңес мүшелері:
– ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы;
– ҚР Сыртқы істер министрі;
– ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы;
– ҚР Қаржы министрі;
– ҚР Ұлттық экономика министрі;
– Әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі;
– «Астана» халықаралық қаржы орталығының Басқарушысы;
– Доктор Джэйкоб Френкель (Dr. Jacob A. Frenkel) (келісім бойынша);
– Жули Монако (Julie Monaco) (келісім бойынша).