Астана халқының саны 800 мыңнан асты

Сарыарқа ауданы бойынша 324 221 (40,5%) адамды құрады. Бұл туралы astana.kz сайтына Статистика департаментінен хабарлады.
«Үстіміздегі жылдың 8 айында Астана қаласы халқының жалпы саны 22 458 адамға, халықтың табиғи өсімі 12 085, көші-қон өсімі 10 373 адамға артты»,- делінген ақпаратта.
Қазіргі таңда Астана - айтарлықтай үлкен қала, аумағы 710,0 шаршы шақырым. Елорданың Астана қаласына ауыстырылуы қала халқы санының екпінді өсуіне әкелді. Халық саны бойынша Астана қаласы Қазақстан Республикасында Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарынан, Алматы қаласынан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Ақтөбе облыстарынан кейін 9 орында.
2013 жылғы 1 қаңтарда халық санының тығыздығы шаршы шақырымға 1096 адамнан келіп отыр.
Соңғы мәліметтер бойынша Астана халқының орташа жасы 30 жасты құрады.