Астана халқының саны артты
Жыл басымен салыстырғанда Астана қаласы халқының жалпы саны 9086 адамға, соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша - 1002 адамға, «Есіл» ауданы бойынша - 4621 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша 3463 адамға көбейді.
2015 жылғы қаңтар-мамырда халықтың табиғи өсімі 8530 адамды, көші-қон өсімі 556 адамды құрады.
2015 жылғы қаңтар-мамырда Астана қаласы бойынша тұтастай алғанда 10128 сәбидің туғаны тіркелді, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 5,6% көп. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 4,9% артып, 8530 адамды құрады.
Осы кезең ішінде қалада 1598 адам қайтыс болды, бұл 2014 жылғы қаңтар-мамырдағы көрсеткіштен 9,2% артық.
2015 жылғы қаңтар-мамырда 1 жасқа дейінгі 85 нәрестенің шетінегені тіркелді, бұл 2014 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 19 оқиғаға көп. Сәбилер өлім-жітімінің коэффициенті 8,39 (2014 жылғы қаңтар-мамырда - 6,88) құрады.
Халықтың өлім себептерінің негізгі топтарының арасында ең үлкен үлес салмақты, әдеттегідей, қан айналымы жүйесі аурулары - 35,9%, жаңа өскін - 20,3%, тыныс алу органдарының аурулары - 11,4% жазатайым оқиғалар, улану және жарақаттану 11,4% алады.
2015 жылғы қаңтар-мамырда АХАТ органдарында тіркелген некелесулер саны өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,4%, ажырасулар саны 10,3% өсті.