Астана халықаралық әуежайында мемлекеттік шекараны кесу ережесін бұзу фактісі анықталды

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Астана халықаралық әуежайында мемлекеттік шекараны кесу ережесін бұзу фактісі анықталды,

Астана    халықаралық  әуежайында   мемлекеттік  шекараны кесу ережесін  бұзу фактісі анықталды

деп хабарлады Көліктегі Орталық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Елордалық әуежайда «Астана-Франкфурт» бағытындағы №921 әуе рейсін ресімдеу кезінде Түркияның 20 жастағы азаматы ұсталды. Әлгі азаматтың төлқұжаты мен миграциялық карточкасынан «Ақтөбе-авиа» өткізу бекетінің жалған баспа-таңбасы анықталды, ол осы құжатты қаңтардың 1-інде Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өту кезінде пайдаланғаны анықталды. Факті бойынша тексеру жүргізілуде.