Астана халықаралық әуежайында рейстер кешіктірілуде

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне «Астана халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамының жедел басқару жөніндегі атқарушы директоры Александр Бекмұрзин хабарлады.
Ол сондай-ақ, әуежайдың жақын арада ұшақтар қабылдап және ұшыра бастайтынын хабарлады. Уақыттың жоқтығына байланысты ол басқа ешқандай түсіндірме берген жоқ.
Әуежайдың өндіріс жөніндегі вице-президенті Сейіл Қыпшақбаев, ұшып-қону алаңын тазалау жөніндегі жұмыстар әлі жалғасып жатқанын хабарлады. «Әзірге біз сағат 15.00-ге дейін ресми жабықпыз», деп хабарлады ол.
Бүгін «Қазәуемет» компаниясынан желтоқсанның 20-сы күні сағат 10.30-дан 19.00-ға дейінгі аралықта көктайғақ болатындығы туралы ескерту жарияланды.
Сенбі, желтоқсанның 19-ында жауған жаңбырдан кейін ұшып-қону алаңында мұз қатып, әуежайдың жабылғаны бұдан бұрын хабарланған болатын. А.Бекмұрзиннің айтуынша, әзірге ұшу сапарларына «жексенбі күні түске дейін» тыйым салынып отыр.