«Астана халықаралық әуежайында» жұмысшы үш метр биіктіктен құлап кетті - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Кеше түсте «Астана халықаралық әуежайы» АҚ-ның жаңадан салынып жатқан
консервациялау боксында құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында 34 жастағы монтаждаушы үш метр биіктіктен құлап кетті.
ҚР ТЖМ-нің хабарлауынша, «ГИК НТ» ЖШС-нің зардап шеккен жұмысшысы ауруханаға жеткізілген.