Астана халықаралық әуежайының өкілдері бәсекелестікке қатысты жүргізілуі тиіс тексеру туралы пікір білдірді
Баспасөз қызметі Астана әуежайының бәсекелестікті шектеуі туралы мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлім етті.
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Бәсекелестікті қорғау мен дамыту агенттігі Астана қалалық департаментінің жетекшісі Тимур Каленовтың Астана әуежайында бесекелестікті шектеуге қатысты тексеру жүріп жатқаны туралы мәлімет шындыққы жанаспайды»,-делінген әуежай таратқан хабарламада.
Әуежай басшылығы Бәсекелестікті қорғау мен дамыту агенттігі тарапынан тексеру жүргізу туралы хат келгенін айтты.
«Хат келген 18-ші сәуірден бастап бүгінгі күнге дейін Бәсекелестікті қорғау мен дамыту агенттігінен өкілдер келген жоқ. Іс жүзінде әуежайда тексеру басталған да жоқ. Тексеру жүргізілген күннің өзінде ол бізде қандай да бір заңбұзушылықтар бар екенін білдірмейді.
Ескерте кетейік, заңбұзушылықтар тексеруші орган қорытынды шығарып, әуежай өкілдері онымен келісіп, қорытындыға байланысты ешқандай шағым білдірмейтін болғанда ғана дәлелденген болып табылады»,-делінген әуежайдың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.