«Астана» халықаралық биржасы пост-трейдинг қызметтер бойынша платформаны іске қосуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық биржасы («AIX») тиісті инфрақұрылымдық шешімдердің жаһандық әзірлеушісі Avenir Technology Limited ұсынған трейдингтен кейінгі қызметтер бойынша бағдарламалық-техникалық шешімді іске қосады, деп хабарлайды АХҚО баспасөз қызметі.
Avenir-мен бес жылдық келісім-шарт бағалы қағаздар тіркеушісі мен бағалы қағаздардың орталық Депозитарийін (CSD) әзірлеуді және техникалық қолдауды көздейді.
Жақында Астана биржасы Avenir бағдарламалық қамтамасыз етудің өнеркәсіптік нұсқасын енгізуді аяқтады. CSD барлық он қатысушысы Avenir платформаларына қосылған, олар SWIFT арқылы пост-трейдинг операцияларын қарастырады. Инфрақұрылымды толық сынау, оның ішінде нарықтың барлық қатысушыларын тарта отырып, толық циклді үш тестілеу, сондай-ақ Exactpro тәуелсіз сараптама компаниясының тестілеуі өткізілді.
«АХҚО биржасы Қазақстан мен көршілес елдер үшін әлемдік деңгейдегі тиімді қор алаңына айналады. Қауіпсіз және сенімді саудадан кейінгі инфрақұрылымды қамтамасыз ету үшін, біздің талаптарға бейімделе алатын кәсіби технологиялық провайдер қажет болды. Біз тәжірибелі өнім берушімен әріптестікте биржадағы сауданы іске қосуға дайын болғанымызға өте қуаныштымыз», - деді Тимоти Беннетт, АХҚО Биржасы Басқарма Төрағасы.
Avenir 2014 жылдан бастап қаржы нарығының инфрақұрылымы үшін шешімдер ұсынады және бүкіл әлем бойынша кемелденген және дамушы нарықтарда орналасқан компаниялардың өсіп келе жатқан санымен жұмыс істейді.
«Біз соңғы төрт жылда болашақтың қаржылық нарығының инфрақұрылымына арналған шешімдерді ұсыну үшін әлемнің дамушы нарығымен белсенді түрде жұмыс жасап келеміз. Біз Қазақстанда осындай келісімшартқа қол жеткізгенімізге қуаныштымыз», - деді Avenir еншілесі мен директоры Мартин Бэйн.