Астана халықаралық форумы 4 негізгі жаһандық мәселені шешуге арналған – СІМ
«2023 жылғы 8-9 маусымда Қазақстанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Астана халықаралық форумы өтеді. «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, өркендеу және прогресс жолында» атты форумның тұжырымдасы сыртқы саясат, қауіпсіздік және тұрақтылық, энергетика мен климат, сондай-ақ экономика және қаржы сияқты 4 негізгі жаһандық мәселені шешуге арналған. Форум бағдарламасына негізгі баяндамалар, панельдік сессиялар, сондай-ақ пікірталастар кіреді», - деді ол.
Ресми өкілдің айтуынша, форум Үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың, бизнестің және академиялық топтардың жоғары деңгейдегі делегаттарына диалог жүргізу, әлемдегі өзекті және жаһандық проблемалардың шешімдерін іздеу үшін алаң ұсынады.
«Форумның мәртебелі қонақтарының қатарында Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, ЕҚЫҰ бас хатшысы Хельга Шмид, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Армида Алисджабана, Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов және тағы басқалары бар», - деді Айбек Смадияров.