Астана халықаралық форумы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана халықаралық форумы (ХФА) сыртқы саясат және халықаралық қауіпсіздік, халықаралық даму және орнықтылық, энергетика және климат өзгерісі, сондай-ақ экономика және қаржы саласындағы негізгі жаһандық сын-қатерлерді шешуге бағытталған бірегей форматқа ие, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None

Форумның тақырыбы – «Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында».

Бүгінде әлем жедел іс-қимыл мен келісілген күш-жігерді қажет ететін мәселелерге тап болып отыр.

Көптеген мәселелерді мүдделі тараптар арасындағы диалог пен ынтымақтастықсыз шешу мүмкін емес. Тек диалог пен ынтымақтастық арқылы неғұрлым тұрақты және әділ әлем құра аламыз.

АХФ эксклюзивті сипатқа ие, оған 300-ге жуық танымал шетелдік спикер қатысады. Жалпы, форумға барлығы 1000-ға жуық адам қатысады деп жоспарланған.

Сонымен қатар, форум елімізге инвестор тарту үшін маңызы зор шара саналады.

АХФ – ең үлкен диалог алаңы, оны «Азиялық Давос» деп санауға болады. Қазіргі заманның ең өзекті мәселелерін талқылау және сарапшылар тобының қатысуымен олардың шешімін іздеу – шараның ең маңызды міндеті.

Қазіргі жағдайда Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтың халықаралық пікірталас орны болуға мүмкіндігі бар.

Бұл жағдай - еліміздің дамуына қажетті елеулі инвестициялық үлесті қамтамасыз етеді. Сауданы дамытуға және ірі компаниялармен, қаржы институттарымен жаңа байланыстар орнатуға мүмкіндік береді.

Отандық тауарларды сату және экспортқа шығару үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Форум қарсаңында, яғни кеше, 7 маусымда, АХҚО ұйымдастырған Astana Finance Days халықаралық конференциясы өтті.

8 маусымда жалпы отырыстан кейін шетелдік инвесторлар кеңесі өтеді.

Форум Еуразиядағы сарапшылар үшін басты диалог алаңдарының бірі, нәтижелі және беделді шара болмақ.

Іс-шараның маңыздылығы шақырылған спикерлер мен делегаттардың деңгейі көрсетіп тұр.

Олар – елдер мен халықаралық ұйымдардың, саясаткерлердің, ғалымдар мен экономистердің әлемдегі және аймақтағы қазіргі жағдайға көзқарастарымен бөлісетін, қазіргі проблемалардың ықтимал шешімдерін талқылайтын алдыңғы қатарлы тұлғалары.

Халықаралық инвесторларды тарту, елде және әлемде экономикалық саясаттың күн тәртібін қалыптастыру үшін жаңа идеялармен алмасу форумның тиімділігін көрсетеді.


Соңғы жаңалықтар