«Астана ханымы» байқауында тележүргізуші Гүлназ Әлімгерей жеңіске жетті

СТАНА. Тамыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Кеше кешке Риксос қонақүйінде өткен «Астана ханымы» байқауында тележүргізуші Гүлназ Әлімгерей жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана ханымы» байқауында тележүргізуші Гүлназ Әлімгерей жеңіске жетті

Барлығы бұл байқауға 15 келіншек қатысты. Олардың ішінде ең жас қатысушы - 25-те, ең ересегі 39 жаста.

Байқау ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссиясы және «Сезон» шығармашылық бірлестігі қатысушыларға бірнеше тур дайындады. Бірінші Астана ханымы сынында таныстыру кезеңінен барлығы сүрінбей өтті. Дегенмен келіншектердің жүзінен қобалжу байқалды.

Бәрінен бұрын қатысушыларға «Интеллектуалды турда» қиынға соқты. Онда қазақтың салт-дәстүрі мен тарихына қатысты бір-бір сұрақтан қойылды. Бұл турда жолы болмағандар келесі «Кулинарлы сайыста» есе қайтаруларына мүмкіндік ашылды. Ол турда берілген белгілі бір азық-түліктен 15 минут ішінде тағам дайындау керек болды.

Келесі сайыстарда келіншектер өз балаларына, күйеуіне көңіл мен күтім көрсете білуі және оның өнерге деген бейімі сыналды.

Сонымен «Астана ханымы» байқауында жеңіске жеткен 3 қатысушының аттары аталатын да сәт жетті. Прокуратура органдарында қызмет істейтін Мәриям Оскар екінші вице-ханым атанды. Бірінші вице-ханым тележүргізуші, 7-ші арнаның дикторы Сандуғаш Сұлтанованың есімі аталды. «Астана ханымы» «Қазақстан» арнасының тележүргізушісі Гүлназ Әлімгерей деп танылды.

Енді олар тамыздың 16-сы күні Алматыда «Қазақстан ханымы» байқауында елорда атынан сынға түседі. Ал ол жерде жеңіске жеткен келіншек Сеулде өтетін «Әлем ханымы» байқауына аттанады.