«Астана» ХҚО биржасы қай кезде іске қосылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Астана" Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов биржаны іске қосу уақытын белгіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Астана» ХҚО биржасы қай кезде іске қосылады

"Биржа толығымен дайын. Қазір біз мемлекеттік компанияларды жекешелендіру науқанының басталуын күтіп отырмыз. Шамамен, қыркүйек-қазан айларында алғашқы компания биржамызға шығады. Артынан "Самұрық-Қазынаға" кіретін "Эйр Астана", "Қазақтелеком", "Қазатомөндіріс" сияқты ұлттық компаниялардың акциялары шығарылады. Аталған компаниялар алдағы он екі айда IPO-ға шығады деген жоспар бар. Олардан кейін "ҚазМұнайГаз" бен "Қазақстан темір жолы" келеді деп сенеміз", - деді Қ. Келімбетов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, бүгінде акциялар үшін платформа толығымен жасалды.

"Биржа құрылды. Ал АҚШ-тың Nasdaq биржасы мен Шанxай қор биржасы біздің әріптесіміз болады. "Бір жол - бір белдеу" бастамасы аясында басқа да стратегиялық әріптестеріміз қосылады деген сенім бар", - деп атап көрсетті Қ. Келімбетов.

Айта кетейік, бүгін "Астана" Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы жақсы жаңалықпен бөлісті.

"Естеріңізде болса, өткен аптада мен 1 шілдеге дейін 50-ге жуық компанияның тіркелетіні жайында айтқан едім. Бүгін жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Осы уақытқа дейін 55 компания тіркеліп үлгерді. Жылдың аяғына дейін 100 компания тіркеледі деген жоспар бар. Демек, жоспардың жартысы орындалды. Әлемдік қаржы ұйымдары тарапынан қызығушылық бар", - деп атап көрсетті Қ.Келімбетов. 

Бұдан бөлек, орталық басшысы криптовалюта мен блокчейнге қатысты пікір білдірді.