«Астана» ХҚО-ға бюджеттен қанша қаржы бөлінеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Үш жылда «Астана» Халықаралық қаржы орталығының қызметін ұйымдастыру мен жүргізу шараларына 60 млрд теңге бөлінеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» ХҚО-ға бюджеттен қанша қаржы бөлінеді

«Астана» ХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовтің айтуынша, әзірше орталық үш жылдай бюджеттің есебінен қаржыландырылады деген жоспар бар.

«Жалпы, үш жылда барлық қаржы институттарының жұмысына жыл сайын шамамен 20 миллиард теңге бөлінеді. Биылғы бюджетте де сондай сома қарастырылған. Халықаралық қаржы орталығының биржасы үш-бес жылдың ішінде өзін-өзі ақтайтын дәрежеге жетеді деген жоспар бар. Содан бастап бюджеттен бөлінетін ақша біртіндеп азаяды», - деді Қ.Келімбетов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның сөзіне қарағанда, бес жылдың ішінде «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, кем дегенде, 3-5 млрд АҚШ долларын тартуы тиіс.

«Жалпы, он жылдан кейін қаржы орталығы арқылы Қазақстанға 40 млрд долларға дейін ақша тартылады. Әрине, оған жекешелендіру шаралары да өз септігін тигізеді», - деп атап көрсетті Қ.Келімбетов.

Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында Қ.Келімбетов криптовалютаға қатысты кеңес берді.

Бұдан бөлек, қаржы орталығының басқарушысы штат туралы айтып берді.