«Астана» ХҚО-ның даму болашағы қандай - Халықаралық валюта қорының болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясының жетекшісі Марк Хортон "Астана" Халықаралық қаржы орталығының дамуына қатысты пікір білдірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

"Біздіңше, "Астана" Халықаралық қаржы орталығының даму болашағы зор. Оны қаржы қызметтері бойынша аймақтық xабқа айналдыруға болады. Бірақ оған уақыт қажет. Себебі ол қызметтерге сұраныс болуы тиіс. Әрине, "Астана" Халықаралық қаржы орталығы алдымен өзін мықты институт ретінде көрсете білуі керек. Көрсетіп қана қоймай, сондай институт болып қалыптасуы қажет", - деді М.Хортон Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Сарапшының айтуынша, Орталық Азияға ондай орталық қажет. Соның арқасында шетелдік инвестицияларды көптеп тартуға болады. Дегенмен, бірқатар қауіп-қатерлер бар.
null

"Мәселен, Қазақстандағы банктерді тиімді басқару және жалпы қаржы жүйесінің ашықтығын көрсету керек. Аталған мәселе "Астана" ХҚО дамуына өз әсерін тигізеді. Сосын бұл аймақта геосаяси қауіп-қатерлер де бар. Негізі, "Астана" қаржы орталығында мықты құқықтық базаны жасақтап алғаны дұрыс болды. Директорлар кеңесіне, бақылау кеңесіне xалықаралық сарапшыларды шақырды. Ол да дұрыс. Бірінші транзакциялар жазда өтуі әбден мүмкін. Қаржы министрлігі өз еуробондттарын теңгемен шығарады дейді. Оны да қаржы орталығы арқылы өткізеді. "Самұрық-Қазына" қорының компаниялары сатылымға шығарылады. Бәрі дұрыс. Бірақ асығыстық жасамау қажет. Себебі Дубай, Сингапур, Гонконг сияқты қаржы орталықтарын дамытуға екі-үш ай емес, 20 жыл кетті", - деп атап көрсетті М.Хортон.

Айта кетейік, бүгін Халықаралық валюта қоры Қазақстан экономикасына өз бағасын берді.

Соңғы жаңалықтар