«Астана» ХҚО ресми таныстырылымға дайындығы қандай

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығының органдары депутаттардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Астана» халықаралық қаржы орталығының (бұдан әрі - АХҚО) дамуы мәселелері жөнінде АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетовтің, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының қатысуымен көшпелі жиналыс өтті. Отырыс барысында Қ. Келімбетов депутаттарды АХҚО-ның қызметімен таныстырып, оларға Орталықтың қалыптасуы мен келешегі туралы айтып берді», - деп атап өтілген таратылған мәліметте.

Айта кетейік, АХҚО-ның органдары ресми түрде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды. АХҚО жанынан Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитет, АХҚО-ның тәуелсіз соты, Халықаралық төрелік орталығы, АХҚО биржасы, Expat Centre өз жұмыстарын бастады. АХҚО қызметінің негізгі бағыттары капитал нарығы, активтерді басқару, жеке тұлғалардың дәулетін басқару, исламдық қаржы, жаңа қаржы технологиялары болып табылады.

«АХҚО Басқарушысы депутаттарды 2018 жылы 5 шілде күні АХҚО-ның халықаралық тұсаукесері аясында жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар етті. «Сұрақ-жауап» сессиясы кезінде  депутаттардың қойылған сұрақтарына толық ақпарат берілді», - делінген орталық хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана» халықаралық қаржы орталығының  халықаралық таныстырылымы 2018 жылдың 5 шілдесінде өтеді. 

Соңғы жаңалықтар