«Astana Hub» алаңында цифрландыру мәселесі талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаев пен Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркі алаңында болды. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

IT-стартаптар технопаркі алаңында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға шетелдік әріптестерді тарту мәселесі бойынша ведомствоаралық ынтымақтастықты талқыланды.

Технологиялар трансфертіне, «Astana Hub» халықаралық IT-стартаптар технопаркінің негізінде бірлескен жобаларды жүзеге асыруға шетелдік әріптестерді тарту мәселесіне ерекше назар аударылды.

Шетелдік венчурлық қорларды, ірі халықаралық IT-командалар мен компанияларын тартуға, сондай-ақ роуд-шоуларға, бизнес-форумдарға және «Astana Hub» жұмысын дәріптеу үшін басқа да іс-шараларға қатысуға жәрдемдесу қажеттігі аталды.

 Сонымен қатар, халықаралық технопарктің шетелдік әріптестерінің визалық қолдау және олардың Қазақстанда болуын реттеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

null 

Соңғы жаңалықтар