22:17, 11 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Астана ІІД әлеуметтік желілерде таратылған «маньяк» туралы қауесетті жоққа шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық ІІД әлеуметтік желілерде балаларды мектептердің аумағынан алдап әкетіп жүрген белгісіз адамның әрекеті туралы таратылған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын және ешқандай фактілермен дәлелденбейтінін ескертеді, деп хабарлады Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желілерде 25-30 жас аралығындағы мас күйіндегі белгісіз ер адамның кәмелеттік жасқа толмағандарға қол тигізуі туралы ақпарат пайда болған.