Астана ІІД бастығы боксшы Азамат Белгібаевты құттықтады

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат. Астана қаласы ІІД бастығы полиция генерал-майоры Марат Демеуов Белград қаласында бокстан өткен халықаралық турнирден жеңімпаз атанып, алтыннан алқа таққан «Арлан» арнайы мақсаттағы бөлімшесінің аға инспекторы полиция аға лейтенанты Азамат Белгібаевты құттықтады,
None
None

деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Жыл сайынғы халықаралық турнирде әлемнің 16 елінен келген боксшылар бақтарын сынады.

А. Белгібаев 3 жекпе-жек өткізіп, алғашқы сында Молдавия елінің спортшысымен, екінші жолы әлем чемпионатының жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы өзбек әріптесімен сында жеңіске ие болады. Финалға шыққанда Еуропа чемпионатының қола жүлдегері Венгрияның спортшысымен бәске түсіп, 17:12 есебімен жеңіске жетті. «Қарсыластар өте мықты болды. Алайда байрақты додада намысты қолдан бермеуге тырыстым»,- дейді Азамат.

Бұл Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері А.Белгібаевтың халықаралық деңгейдегі алғашқы жеңісі емес. Ол WAKO нұсқасы бойынша кәсіби спортшылар арасында 2 дүркін әлем чемпионы, Астана қаласының және Гавана қаласының (Куба) бокс спорты бойынша командаларының халықаралық матчының қатысушысы.

Соңғы жаңалықтар