Астана ІІД «Изумрудный квартал» ТК-дан әйелдің құлауына байланысты жағдайды анықтап жатыр
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқиға орнында, Астана қаласы "Изумрудный квартал" тұрғын үй кешенінде Астана қалалық ІІД жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Келеңсіз жағдайдың мән-жайы анықталуда.
Бұл туралы ҚазАқпаратқа Астана қалалық Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің басшысы Софья Қылышбекова хабарлады.
Бүгін Астанада "Изумрудний кварталдан" әйел құлап кетті.