Astana Indoor Meet: Елизавета Матвеева биікке секіруден 3-орын алды

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes турнирінде әйелдер арасында биікке секіруден жарыстар өз мәресіне жетті. 

Astana Indoor Meet: Елизавета Матвеева биікке секіруден 3-орын алды
Фото: olympic.kz

Қазақстандық спортшы Елизавета Матвеева үшінші мүмкіндігінде 1.88 метр биіктікті бағындырып, қортындысында үшінші орыннан көрінді. 

Франциялық Гикел Солен чемпион атанса, жапониялық Нагиса Такахаши күміс жүлдені жеңіп алды. Тағы бір қазақстандық спортшы Надежда Дубовицкая (1.84 метр) төртінші орынға жайғасты.

Айта кетейік, 23 жасар Елизавета Матвеева жабық кешендегі Азия чемпионатының алтын және қола жүлдегері, жеңіл атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Сондай-ақ Матвеева Париж Олимпиадасында өнер көрсетіп, 19-орыннан көрінген болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде World Athletics Indoor Tour Gold сериясының Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes турнирі басталғаны туралы хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар