Astana Indoor Meet турнирінің жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде World Athletics Indoor Tour Gold сериясының Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes турнирі өз мәресіне жетті.

Astana Indoor Meet турнирінің жеңімпаздары анықталды
Фото: astanameet

Жарыс қортындысына сәйкес, барлық жеңімпаз анықталды.

Әйелдер:

Үш қарғып секіру: Нея Филипич (Словения), Шарифа Давронова (Өзбекстан), Джесси Мадука (Германия);

Биікке секіру: Гикел Солен (Франция), Нагиса Такахаши (Жапония), Елизавета Матвеева (Қазақстан);

400 метрге жүгіру: Сада Уильямс (Барбадос), Амарачи Пипи (Ұлыбритания), Вероника Дрлячич (Хорватия);

60 метрге кедергіден жүгіру: Юми Танака (Жапония), Нооралотта Незири (Финландия), 

Клаудия Войтуник (Полша);
60 метрге жүгіру: Тиа Клейтон (Ямайка), Лорен Базоло (Португалия), Тина Клейтон (Ямайка).

Ерлер:

Ұзындыққа секіру: Исаак Гримс (АҚШ), Джален Силис (АҚШ), Джейсон Смит (АҚШ);
Биікке секіру: Луис Кастро (Пуэрто-Рико), Тобиас Поттер (Германия), Әмір Нағаев (Өзбекстан);
400 метрге жүгіру: Алекс Хэйдок-Уилсон (Ұлыбритания), Эрикссон Таварес (Португалия),

Чиди Окези (Нигерия);
1500 метрге жүгіру: Кристиан Хансен (Дания), Абдуррахман Теки (БАӘ), Чарльз Гретен (Люксембург);

60 метрге кедергіден жүгіру: Дилан Бирд (АҚШ), Дамиан Чикер (Полша), Роджер Ирибарн (Куба);

60 метрге жүгіру: Кишейн Томпсон (Ямайка), Али Анвар Аль-Балуши (Аман), Шухей Тада (Жапония).

Айта кетейік, бұған дейін 25 қаңтарда Астанада жеңіл атлетикадан Astana Indoor Meet for Amin Tuyakov Prizes халықаралық турнирі өтетіні туралы хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар