«Астана Innovations» АҚ Басқарма төрағасы болып Саят Нүсіпов сайланды

АСТАНА. 24 тамыз. ҚазАқпарат - Директорлар кеңесінің шешімімен Саят Нүсіпов «Астана Innovations» АҚ Басқарма төрағасы болып сайланды,

«Астана Innovations» АҚ Басқарма төрағасы болып Саят Нүсіпов сайланды

деп хабарлайды аталмыш компанияның баспасөз қызметі.

«Біздің міндетіміз - Астанаға озық технологияны енгізу жоспарын алға ілгерілету», - деп мәлім етті С.Нүсіпов.

С.Нүсіпов 1967 жылы 3 шілдеде дүниеге келген. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

«Астана Innovations» АҚ Астананың бәсекеге қабілеттілігін дамытып, елордаға инновацияны енгізу және дамыту үшін қолайлы жағдай жасау үшін құрылған.