Астана іргесінде «Бозоқ» ұлттық паркін салуға 46 млн теңге қажет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда іргесінде «Бозоқ» ұлттық паркін салуға 46 млн теңге қажет. Аталған соманы жергілікті бюджеттен бөлуді Нұр-Сұлтан қаласы құрылыс басқармасының басшысы Әрсен Жаңғасқанов сұрап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл мәдениет нысандарын дамытуға 388 млн теңге бөлінді. Қазір бізге «Бозоқ» ұлттық паркі құрылысы жобасын аяқтауға 46 млн теңге керек. Сонымен қатар «Мәңгілік ел» аркасы қайта жөндеуді қажет етеді. Бүгінде аталған нысанның құжаты қаралып жатыр. Жұмыс ауқымды, ғимарат төбесінен су ағады. Бұл арка қаладағы бетке ұстар көрікті орындардың бірі. Сондықтан назарға алуларыңызды сұраймын», - деді Әрсен Жаңғасқанов елорда мәслихатының отырысында жасаған баяндамасында.

Еске сала кетсек, аталған ұлттық паркті ашу туралы әңгіме осыдан 3 жыл бұрын айтылған еді. Яғни 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен Мәдениет және спорт министрлігі бірлескен жобаға қол қолды.

Одан бұрын сол кездегі елорда әкімі Бақыт Сұлтанов Бозоқ қалашығының 3D-моделі жасалатынын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар