Астана ішкі істер органдарының бірқатар лауазымды тұлғалары қылмыстық жауапқа тартылды - Қаржы полициясы

АСТАНА. 6 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгінде ішкі істер органдарының аудандық деңгейінен бастап республикалық дәрежедегі құрылым қызметкерлеріне дейін сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапқа тартылып отыр.

Астана ішкі істер органдарының бірқатар лауазымды тұлғалары қылмыстық жауапқа тартылды - Қаржы полициясы

Бұл туралы бүгін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған жиында Астана қаласы бойынша қаржы полициясының өкілі, майор Науан Жүнісов мәлім етті.

Олардың арасында Астана қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің басшысының орынбасары Мейрамбеков, Шортанды қаласы ішкі істер департаменті басшысының орынбасары Бигахметов, Көліктегі ішкі істер департаменті тыл басшысының орынбасары Оспанов және Алматы және Сарыарқа ауданы ішкі істер органдарының қызметкерлері бар.

«Бүгінде ішкі істер органдарының аудандық деңгейінен бастап республикалық дәрежедегі құрылым қызметкерлеріне дейін сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапқа тартылып отыр», - дейді Н.Жүнісов.