Астана қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы тағайындалды

АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат - Қала әкімінің өкімімен, қаңтардың 5-інен бастап, елорданың энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы болып Қуаныш Бейсенбинов тағайындалды.
None
None

Жаңа тағайындау туралы Астана қаласы әкімінің ресми сайтында хабарланған.

32 жастағы Қ.Бейсенбинов бұған дейін Астана қаласы энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Соңғы жаңалықтар