Астана қалалық ІІД басшысы А.Әубәкіров ЖОО басшыларымен кездеседі

АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең Астана қалалық ішкі істер департаментінің басшысы, генерал-майор Амантай Әубәкіров ЖОО басшыларымен кездеседі, деп хабарлады аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.

Астана қалалық ІІД басшысы А.Әубәкіров ЖОО басшыларымен кездеседі

Аталған шара жасөспірімдер мен жастар ортасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізіледі. Кездесуде ЖОО-ның полицияның көмекші отрядтарының жұмыстары қорытындыланып, Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылып, отрядтар арасында тәжірибе алмасу жүргізіледі. Отряд мүшелері мен оқу орындарының басшылары марапатталатын болады.