Астана қалалық ІІД-де қазақ тілінің аясын кеңейтуде бірқатар шаралар жасалуда

АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Бүгін елордада қалалық Ішкі істер департаментінде «Мемлекеттік тіл – қызмет тілі, оның бүгіні мен болашағы» атты қалалық семинар өтті.
None
None
Оған қала әкімінің орынбасары Әмірхан Рахымжанов қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Семинар қалалық ІІД саласында мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту аясында жасалып жатқан іс-шаралармен, қол жеткізген жетістіктермен танысу мақсатында өткізілді.Бүгінгі таңда ІІД аппараты мен аумақтық бөлімшелерінде мыңға тарта полиция қызметкері қазақ тілін оқып игеруде. Олар үшін қазіргі заман талаптарына сай көрнекі және техникалық құралдармен жабдықталған тіл үйрену лингафон кабинеті ашылған. Департамент басқа да құқық қорғау органдарымен, ұйымдар мен мекемелермен бірге мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту мәселелерін шешу бағытында тығыз байланыс орнатқан.
Соңғы жаңалықтар