Астана қалалық ІІД-інде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесіне арналған жиын өтті

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - Астана қалалық ішкі істер департаментінде «Кәмілеттік жасқа толмағағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алудағы ішкі істер, білім беру органдарының және қоғамдастықтың өзара ынтымақтастығы» мәселелеріне арналған «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
None
None

Бұл ақпаратты аталған ведомствоның тіл саясаты және ақпарат бөлімі таратып отыр.

Департамент басшысы, полиция полковнигі Марат Демеуовтің төрағалығымен өткен жиынға қалалық ІІД-нің басшылық құрамы, білім беру басқармасының өкілдері, «Қамқорлық» қоғамдық бірлестігі кеңесінің, ата-аналар комитеттерінің төрағалары, мектеп директорлары және мектеп инспекторлары қатысты.

М.Демеуовтің айтуына қарағанда, жасөспірімдермен тікелей жұмыс жасайтын мектеп инспекторларының қызметі департамент тарапынан қатаң қадағалауға алынған. Олардың жұмыстары апта сайын ІІД бастығы жанындағы аппараттық кеңесте қаралып, аталған институттың қызметін жақсарту үшін нақты, тиімді шаралар қолдану қарастырылып отырады. «Сондықтан мектеп инспекторлығына маман таңдау үрдісі де тиімді жолға қойылған. Оларға қойылатын ең басты талаптардың бірі - психолог болу, адаммен тез тіл табыса білу. Осыған орай кадр таңдау барысында мектеп инспекторлығына тағайындалатын әрбір азамат арнайы емтиханнан өтеді», деді ол өз сөзінде.

Жиынның қорытындысы бойынша кәмелеттік жасқа толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бірлескен жұмыстарын жандандыра түсу мақсатында бірқатар ұсыныстар қаралды.

Елордада 64 мектеп бар және оның барлығында да мектеп инспекторлары бекітілген. Құқық қорғау органдарының есебінде 530 жасөспірім есепке алынса, олардың 40-ы мектеп инспекторларының жіті қызметінің арқасында анықталған. Жалпы жыл басынан бері 890 жасөспірім ішкі істер органдарына жеткізіліп, 524-і әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаға тартылған.

Соңғы жаңалықтар