Астана қалалық ІІД қызметкерлері елорда аумағындағы орман және дала алқаптарында өрттің туындауына жол бермеу үшін рейдтік шара жүргізді

АСТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат - Астана қалалық ішкі істер департаментінің табиғатты қорғау және ветеринарлық полиция тобы елорда аумағындағы саябақтарда, орман және дала алқаптарында өрттің туындауына жол бермеу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік шара жүргізді. Бұл ақпаратты аталған ведомствоның мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінен хабарлады.
None
None

Рейд барысында жергілікті халық және азаматтар жаппай демалатын саябақтарда алау жағуға тыйым салу, орман алқаптарына көлік құралдарының кіруіне шектеу қою, от ұшқынын сөндіретін құрылғылары жоқ өзге техникаларды пайдалануға тыйым салу, сондай-ақ табиғатқа ұқыпты қарау әрі өрт қауіпсіздігі ережесін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Жасыл алқаптарды ұстау және қорғау ережесін бұзған азаматтар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 300-шы бабы бойынша жауапкершілікке тартылады», делінген баспасөз хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар