Астана қалалық Ішкі істер департаментінде Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті

АНА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астана қалалық Ішкі істер департаментінің бір топ қызметкері Конституция күніне орай ҚР Ішкі істер министрлігінің марапаттарына ие болды,

Астана қалалық Ішкі істер департаментінде Конституция күніне орай салтанатты жиын өтті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Конституция күніне арналған салтанатты жиынға елордалық Ішкі істер департаментінің толық құрамы қатысты. Олардың бірқатары қызметтік міндеттерін адал атқарғаны және жұмыста жеткен жетістіктері үшін, сондай-ақ Конституция күнін атап өту аясында ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағамбетовтың бұйрығымен «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» медалымен, «ІІМ-дегі үздік қызметі үшін» төс белгісімен және алғыс хаттармен атап өтілді. Марапаттарды ІІД бастығы Марат Демеуов тапсырды.

«Әрбір қазақстандық азамат біздің Конституциямызда жария етілген демократиялық құндылықтарды сақтау және көбейту үшін жауапты. Қазақстан полицейлері мен ішкі әскерлердің әскери қызметшілері алдағы уақытта да қоғамдық тәртіпті сақтауда, қылмысқа қарсы күресте, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға өз қызметтік борыштарын үлгілі әрі жанқиярлықпен орындайтынына сенемін», - делінген Министрдің елордалық полицейлерге арнаған құттықтау хатында.

 ІІД-нің жеке құрамы Департамент бастығының бұйрығымен де бірқатар марапаттарға, грамоталар мен ақшалай сыйақыларға ие болды. Сондай-ақ мерекелік шара барысында, үстіміздегі тамыз айында ІІД қызметкерлері мен олардың жанұялары арасында өткізілген көркемөнерпаздар байқауында түрлі аталымдар бойынша үздік шығып, жүлделі орындарға ие болғандар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 Салтанатты жиын Департаменттің шығармашылық ұжымы әзірлеген концерттік бағдарламамен аяқталды.