13:49, 17 Маусым 2010 | GMT +5
Астана қалалық қаржы полициясы органдары жыл басынан бері 32 қылмысты әшкереледі
АСТАНА. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Астана қалалық департаменті жыл басынан бері 321 қылмысты анықтаған.

Бұл өткен жылдың сәйкес мерзіміндегі көрсеткіштерден айтарлықтай жоғары. Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте департаменттің баспасөз хатшысы Толқын Нәбиева айтты.
Оның мәліметтеріне қарағанда, қалада ауыр қылмыстар саны 2,3 есеге артқан. Сондай-ақ сотқа жолданған қылмыстық істер саныда 31 пайызға көбейген. «Бұл қылмыстардың ашылу сапасының
артып отырғандығының көрсеткіші. Әшкереленген экономикалық қылмыстардың нәтижесінде мемлекетке 5,4 миллиард теңге көлемінде шығын келген. Ал анықталған қылмыстар бойынша қолданылған шаралардың нәтижесінде мемлекет пен азаматтарға 4,9 миллиард теңге қайтарылды. Бұл жалпы шығынның 91 пайызы», деді баспасөз хатшысы.