Астана қалалық мәслихатының депутаттары ашық есік күнін өткізді

АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының ұйымдастыруымен сайлау округтерінің қоғамдық қабылдау бөлімдерінде қалалық мәслихаттың 25 депутаты ашық есік күнін өткізді.
None
None

Мәселен, «Цеснабанк» ғимаратында мәслихат депутаты С.Жақсыбеков, №18-ші орта мектепте С.Хамхоев, «Астана-Қамқор» ЖШС-інде Т.Оразақов, «Астана су арнасы» АҚ-ында В.Досаев, №69-шы орта мектепте М.Шекенов қала тұрғындарын қабылдап, оларды толғандырған мәселелер бойынша кеңінен пікір алмасты.

Айта кетерлігі, азаматтарға қажетті кеңес беру, құқықтық сауаттарын арттыру мақсатында 25 мәслихат депутатының сайлау округтеріндегі қабылдау бөлімінде қажетті тәжірибелік және заңнамалық көмектер көрсетіледі. Мұндай қоғамдық қабылдау тұрғындар тарапынан да қолдау тауып отыр.

Аталған іс-шара қордаланған мәселелерді тиімді шешуге, заңнамалық тұрғыда реттеуді қажет ететін құқықтық қатынастарды анықтауға, азаматтардың өтініштерін бақылауда ұстауға септігін тигізеді.

Соңғы жаңалықтар