Астана қалалық Өрт сөндіру қызметінің бастығы тағайындалды

ТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Руслан Мұқанұлы Елшібаевты Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің бастығы етіп тағайындады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Астана қалалық Өрт сөндіру қызметінің бастығы тағайындалды

Р.Елшібаев 1974 жылы туған, бұрын елордада ТЖД-де өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі бастығының орынбасары болды. Құтқару ведомствосы органдарында 1994 жылдан бері қызмет атқарады. Ол қатардағы өрт сөндірушіден орта және аға басқарушы құрамға дейінгі әртүрлі қызметтер сатысынан өтті.

Үйленген, үш баласы бар.