09:39, 01 Маусым 2015 | GMT +5
Астана қалалық полициясы бұрынғы зайыбын бензин құйып өртеген қылмыскердің суретін жариялады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық ІІД криминалдық полиция басқармасы аса ауыр қылмыс жасаған Қанат Садуовқа іздеу жариялады. Ол елордалық мектепте мұғалім болып істейтін бұрынғы зайыбының үстіне бензин құйып, өртеп жіберген.

Еске сала кетейік, 43 жастағы ер адам 26 мамыр күні қылмысты ойын жүзеге асырған. Беті, мойыны, кеудесі мен арқасының термиялық күйіктерін, 2-ші және 3-ші дәрежелі күйік шалған алған әйел ауруханаға жеткізілді. Сенбі күні кешке ол алған жарақатынан көз жұмды.
«Садуов Қанат Гайсаұлы 30.10.1972 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданында туған. Белгілері: бойы - 175-180 см. Көзі мен шашының түсі - қара. Дене бітімі: арықша келген. Үстінде күрте, бейсболка, қара түсті кроссовки болған. Ол туралы қандай да деректер белгілі болса, индекс 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 19 мекен жайына хабарласуды сұраймыз. Телефон: 8 (7172) 71-60-22, 71-60-29, 71-60-10, ұялы. тел: 87472277940, 87711003232».