Астана қалалық прокуратурасында денсаулық сақтау мекемелері басшыларының қатысуымен алқа мәжілісі өтті

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Бүгін Астана қаласының прокуроры Виктор Корчагиннің төрағалығымен алқа мәжілісі өтті.
None
None

Қалалық денсаулық сақтау мекемелерінің басшылары қатысуымен өткен жиын барысында емдеу мекемелерінде балалар денсаулығын сақтауға бағытталған заңнаманың қолданылуына, сонымен қатар медициналық көмектің кепілді көлеміне, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға толық ұсынылуына қатысты тексеру қорытындысы қаралды.

Прокурорлық тексерістің қорытындысы бойынша негізгі баяндама жасаған Астана қаласы прокурорының көмекшісі Ольга Ионованың айтуынша, медициналық мекемелерде жіберілетін, оның ішінде иммунопрофилактикалық іс-шараларды ұйымдастырудағы өрескел заң бұзушылықтар тексеру нәтижесінде нақты анықталған.

«2009 жылы әртүрлі аурулар бойынша мүгедектіктері бар 948 бала тіркелген. Оның ішінде жүйке жүйесі ауруға шалдыққандар алдыңғы орында тұр. Осы аурумен 261 бала тіркелсе, оның үштен бірі 3 жасқа дейінгі сәбилер», деді ол.

Оның келтірген деректері бойынша, екінші орында туа біткен аномалияға шалдыққандар тұр. Өткен жылы туа біткен даму ақауымен 207, құлақ және сосцевид өскіні ауруларымен 102, психикасы мен мінез-құлқы бұзылған 189 бала дүниеге келсе, оның 187-сінің ақыл-есі кем.

«Сонымен қатар дамуында ауытқулары бар балалар саны жыл сайын анықталуда, жағдай мүлдем өзгермей отыр. Зейнетақы және жәрдемақы төлеу орталығының мәліметтері бойынша, 2009 жылы қаңтарда 1136 тұлға мүгедектігі бойынша жәрдемақы алса, тексеру кезінде олардың саны 1426-ға жеткен», дейді О. Ионова.

Соңғы жаңалықтар