Астана қалалық соттар әкімшілігінің лауазымды тұлғасы пара алды деп айыпталып отыр
АСТАНА. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат - Астана қалалық соттар әкімшілігінің лауазымды тұлғасы пара алды деп айыпталып отыр, деп хабарлады Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Агенттіктің Астана қаласы бойынша департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 311-ші бабы 4-ші тармағы «а» тармақшасы бойынша Астана қалалық соттар әкімшілігінің лауазымды тұлғасының үстінен қылмыстық іс қозғады», делінген хабарламада.
Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, мемлекеттік қызметкер жылжитын және жылжымайтын мүліктерге салынған тұтқындауды алып тастау үшін бір азаматтан 17 мың теңге пара алған.