Астана қалалық сотының төрағасы азаматтардың сұрақтарына жауап берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда азаматтары үшін сот жүйесі қызметінің ашықтығы, қолжетімділігі және айқындылығы қағидасын қамтамасыз ету мақсатында Астана қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев 2016 жылғы 30 қарашада (сағат 10.00 мен 17.00 аралығында) интернет-конференция өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, интернет-конференция барысында келесідей мәселелер қаралатын болады:
- Астана қалалық сотының, аудандық және оған теңестірілген соттардың қызметі.
- Жеке және заңды тұлғалардың сот төрелігіне қолжетімділігін қамтамасыз ету.
- Ұлт жоспары - «100 нақты қадам».
- Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мәселелері.
- Электрондық ақпарат сервистерін пайдалану.
- Кадрлық саясат.
Астана қаласы соттарының қызметіне қатысты барлық сұрақтар мен өтініштерді азаматтар https://astana.sud.kz/rus/node/add/question сілтемесіне жібере алады. Барлық сұрақтар мен өтініштерге жауаптар сол күні қалалық соттың интернет-ресурсында орналастырылатын болады.