Астана қалалық табиғи монополияларды реттеу департаменті бірқатар субъектіге айыппұл салды

АСТАНА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Астана қалалық департаменті тарифтік смета бабы бойынша шығындарды арттырып жіберген бірқатар табиғи монополия субъектілеріне айыппұл салды.
None
None

Бұл туралы бүгін аталған департамент директорының орынбасары Асқар Ермағанбетов табиғи монополия субъектілерінің тарифтік сметаларының орындалуы бойынша өткен дөңгелек үстел барысында мәлім етті.

Оның атап өтуінше, айыппұл салынған субъектілердің қатарында «Астана-Жылыутранзит» АҚ, «Астана су арнасы» МКК, «Астана-энергия» ЖШС, «Астанаэнергосбыт» ЖШС, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ және «Темірсервис Астана» ЖШС бар. Жалпы айыппұлдың көлемі 14 миллионнан астам теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар