Астана қалалық жас ақындар айтысының жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. Мамырдың 19-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Күлтегін» мейрамы аясындағы қалалық жас ақындар айтысының жеңімпаздары анықталды,

Астана қалалық жас ақындар айтысының жеңімпаздары анықталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Тартымды да тартысты өткен жыр додасының нәтижесінде жүлделі I-ші орынға жас айтыскер Жандарбек Бұлғақов ие болды. Ал Ербол Жанат, Ерқанат Кеңесбек, Мейіржан Әлібеков және Гүлзия Кәлембетовалар II-ші және III-ші орындарды өзара бөлісті. Айтысты белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазин жүргізді.