Астана қаласындағы Бөкеев көшесінің учаскесі уақытша жабылды

АСТАНА. KAZINFORM – Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш. Бөкеев көшесіндегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Астанада бір көше учаскесі уақытша жабылады
Фото: gov.kz

Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 22-30 мамыр аралығында Дүйсенбаев көшесінен тұйыққа дейін Ш. Бөкеев көшесінің учаскесінде қозғалыс толығымен шектеледі. 

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.