Астана қаласының әуе кеңістігі уақытша жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін Астана қаласының әуе кеңістігінде уақытша қозғалыс шектеледі. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлім етті.

Астана қаласының әуе кеңістігі уақытша жабылады
Фото: Pixabay.com

— Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес елордада 2025 жылғы 22 сәуір мен 7 мамыр аралығында сағат 10:00–ден 13:00–ге дейін әскери парадты дайындауға және өткізуге байланысты әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшуларын орындау үшін Астана қаласының әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізіледі, — деп хабарлады ведомстводан.

Осыған байланысты құзырлы орган жолаушылар сапарын жоспарлау кезінде аталған шектеулерді ескеріп, әуе компания мен әуежайдағы ақпарат қызметтерінен рейс күйін тексеруді  өтінді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Самарқандқа жаңа әуе бағыты ашылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар