Астана қаласы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы пара алғаны үшін ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Астана қалалық департаменті қалалық Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы А. Рақышевті ұстады.

Астана қаласы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы пара алғаны үшін ұсталды

А. Рақышев Департамент бөлімінің басшысы М. Құсайыновпен және қалалық нотариалдық палатасының төрағасы Ж. Арыстановпен сыбайласып, нотариалдық қызметті жүзеге асыруға лицензия беру үшін жеке тұлғадан 8 000 АҚШ доллары көлемінде пара алғаны белгілі болды.

Қазір А. Рақышев Астана қ. ІІБ уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.