13:36, 03 Тамыз 2015 | GMT +5
Астана қаласы әкімдігінде кадрлық тағайындаулар болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімдігінде кадрлық тағайындаулар орын алды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметінен.

"Астана қаласы әкімінің өкімдерімен Каналимов Ерлан Ермекұлы қалалық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы, ал Рысбеков Талғат Тастыбайұлы Астана қаласы құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды", делінген хабарламада.