Астана қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда басшысының өкімімен Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Астана қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Қ. Айтмұхаметов тіршілікті қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді энергетика, сумен қамту, газбен қамту ұйымдарының жұмысын үйлестіруді, тіршілікті қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану салаларында өңірлік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайтынан.

Бүгін аппараттық кеңес барысында Әділбек Жақсыбеков жаңа қала басшысының орынбасарын ұжымға таныстырды. Елорда әкімі бұрынғы қала басшысының орынбасары Василий Крыловқа атқарған қызметі үшін алғыс білдірді және жаңа қызметінде табыс тіледі.